Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны 2 миллион долларға таласады

Жарияланған күні:

Абылайхан Жүсіпов
Абылайхан Жүсіпов. Фото: olympic.kz

Халықаралық бокс федерациясы Қытайда IBA Kunlun Fight World Cup турнирін өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ IBA-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

16 қарашада Қытай астанасында бокстан ірі халықаралық турнир өтеді. Бейжіңдегі жарыста қазақстандық былғары қолғап шебері Абылайхан Жүсіпов пен Өзбекстан құрамасының өкілдері бақ сынайды. Халықаралық бокс федерациясы қытайлық инвесторлармен бірігіп IBA Kunlun Fight World Cup атты жаңа турниді қолға алды. Ол жақта әр салмақта 8 боксшыдан қатысады. Ал жеңімпаздар 2 миллион доллар сыйақы қорын өзара бөліседі.

Қазақстандық боксшылар арасынан Абылайхан Жүсіпов барады. Ол әлем біріншіліктерінде жүлдегер атанып жүрген боксшы. Азия біріншілігінде күміс жүлдегер атанып, сонымен қатар 71 кг салмақта Токио олимпиадасына қатысқан.

Ал Өзбекстаннан екі спортшы бақ сынайды. Солардың бірі Абылайханның қарсыласы Саиджамшид Джафаров. Екіншісі 63,5 кг салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын қандасымыз Руслан Абдуллаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2156400-iva-qytaida-zhanga-turnir-otkizedi-ogan-qazaqstan-men-ozbekstan-boksshylary-qatysady/