Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы рингке қашан оралатыны белгілі болды

Жарияланған күні:

Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович
Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович. Фото: instagram.com/toprank

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 KO) рингке қашан оралатыны белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 19 қазанда АҚШ-та өтетін бокс кешінде өнер көрсетуі мүмкін.
  • No Limit Boxing промоутерлік компаниясы Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жекке 351 мың доллар ұсынды, бұл Top Rank ұсынған сомадан жоғары.
  • Badlefthook.com порталының айтуынша, Жәнібек Әлімханұлы IBF титулынан бас тарту арқылы WBO белбеуін сақтап қалуы мүмкін, бірақ қазіргі уақытта оның басқа таңдаулары жоқ секілді.

Badlefthook.com порталының ақпаратына сүйенсек, ол 19 қазанда АҚШ-та өтетін бокс кешінде өнер көрсетуі мүмкін. Бұл кештің басты жекпе-жегі ретінде аустралиялық Тим Цзю (24-1, 17 KO) мен ресейлік Бахрам Муртазалиев (22-0, 16 KO) арасындағы кездесу жоспарланған. Олар IBF нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

"No Limit Boxing промоутерлік компаниясы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 KO) мен Андрей Михайлович (21-0, 13 KO) арасындағы жекпе-жекке Top Rank ұсынған 350 мың доллардан асырып, 351 мың доллар ұсынды.

Боб Арум үшін бұл шешімді қабылдау қиынға соғуы мүмкін. Себебі екі боксшы арасындағы жекпе-жектің қарсаңында Жәнібек Әлімханұлы салмақ өлшеу кезінде есінен танып, кездесу өтпей қалған болатын. Жәнібек былтырғы қазаннан бері рингке шықпаған және осы уақытқа дейін өзге чемпиондармен жекпе-жек өткізбеді.

Жәнібек Әлімханұлы IBF титулынан бас тарту арқылы WBO белбеуін сақтап қалуы мүмкін болғанымен, қазіргі уақытта оның басқа таңдаулары жоқ секілді. Сонымен қатар, No Limit Boxing бұл кездесуді Тим Цзю жекпе-жегінің андеркарттарының біріне қосуы мүмкін деген де болжам бар. Бұл ұсыныс оған тиімді болып көрінетіні сөзсіз", - делінген Badlefthook.com порталының материалында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жек 14 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) өтуі керек еді. Алайда қазақстандық боксшы салмақ қуу кезінде есінен танып, ауруханаға түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2156925-zhanibek-alimhanuly-ringke-qashan-oralatyny-belgili-boldy/