jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Боксшы Махмұд Сабырхан шаңырақ көтерді

    Махмұд Сабырхан жарымен. Видеодан кадр
    Махмұд Сабырхан жарымен. Видеодан кадр: instagram.com/ontustiktv

    Боксшы, әлем чемпионы Махмұд Сабырхан отау құрды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ақпарат Оңтүстік телеарнасының Instagram-дағы парақшасында пайда болды.

    "Сүйінші, Махмұд Сабырхан ұлдарыңыз үйленіп, бір басы екеу болды. Мың сұлудың ішінен бір сұлуды таңдап, көз алдымызда өскен Назым қыз келін болып шыға келді. Мырзағали ағамыздың тұңғышы. Той керемет болды. Құдалық мың жылдық болсын, Мырзағали аға! Жастар бақытты болсын", - делінген жазбада.

    Еске салайық, Махмұд Сабырхан Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде испаниялық Хосе Кильеспен жұдырықтасып, 4:1 есебімен жеңіліп қалған еді. Қазақстандық боксшы бұған дейін Ташкенттегі әлем чемпионатында 54 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған болатын. Кейін ол Олимпиадаға қатысу үшін 57 кг салмаққа ауысты.

    Боксшы Махмұд Сабырхан шаңырақ көтерді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.