Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл Қазақстан азаматтығын алған боксшы Жәнібек Әлімханұлымен спарринг өткізді (фото)

Жарияланған күні:

Жәнібек Әлімханұлының Instagram Stories-і
Жәнібек Әлімханұлының Instagram Stories-і. Скриншот: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Биыл Өзбекстаннан қоныс аударған этникалық қазақ Аман Қонысбеков WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлымен спарринг өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жәнібек Әлімханұлы Instagram Stories-ке фото жариялап, "Спарринг тамаша өтті. Рақмет, батырлар", - деп жазды. Фотода биыл Қазақстан азаматтығын алған жас боксшы Аман Қонысбеков те бар.

Аман Қонысбеков – бокстан 2023 жылғы Өзбекстан чемпионатының қола жүлдегері. Ол биыл Қазақстанға көшіп келген еді. Қазір боксшы Түркістан облысының намысын қорғап жүр. Аман мамырда Астанада өткен "Елорда кубогінде" қола жүлде еншіледі. Кейін шілдеде КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған халықаралық турнирде жеңіске жеткен болатын.

Жәнібек Әлімханұлының Instagram Stories-і
Жәнібек Әлімханұлының Instagram Stories-і. Скриншот: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2160496-biyl-qazaqstan-azamattygyn-algan-boksshy-zhanibek-alimhanulymen-sparring-otkizdi-foto/