Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Сәтжанов алдағы Азия чемпионатына қатысатын боксшылар қалай іріктелетінін айтты

Жарияланған күні:

Махмұд Сабырхан мен Хосе
Махмұд Сабырхан мен қарсыласы Хосе. Фото: MOHD RASFAN/AFP via Getty Images

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы 11 қараша мен 12 желтоқсан аралығында Иорданияның Амман қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бас бапкер Қайрат Сәтжановтың айтуынша, әзірге Азия чемпионатында сынға түсетін боксшылардың есімі белгісіз. 

"Азия чемпионатына дейін жігіттерді қарастырамыз. Жақында Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді. Сол бәсекеде кейбір салмақтардағы спортшыларды анықтаймыз. Одан бөлек, оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз", - деді бас бапкер. 

Айта кетейік, Париж Олимпиадасынан соң Мырзағали Айтжанов ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кеткен еді. Оның орнына Қайрат Сәтжанов тағайындалды.

Сәтжановтың бапкерлік еңбек өтілі – 34 жыл. 2021-2022 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарған. 2024 жылдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері болды. Оның жетекшілігімен 2021 жылы Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Сәтжанов жаттықтырушы ретінде 7 әлем чемпионын, 43 Азия чемпионын дайындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2161815-qairat-satzhanov-aldagy-aziia-chempionatyna-qatysatyn-boksshylar-qalai-irikteletinin-aitty/