Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстан бокс федерациясының өкілі: Қазақтар біздің дамуымызға көп көмектесті

Жарияланған күні:

Хасанбой Дусматов, жеке жаттықтырушысы Зиятдинбек Тойгонбаев, бас бапкер Толқын Қылышев
Хасанбой Дусматов, жеке жаттықтырушысы Зиятдинбек Тойгонбаев, бас бапкер Толқын Қылышев. Фото: Mustafa Ciftci/Anadolu via Getty Images

Өзбекстан бокс федерациясының бас маманы Сардор Ташходжаев қазақстандық боксшылармен бәсекелесудің маңызы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Біздің қазақ боксымен ұқсастығымыз көп, өйткені екі ел көршілес орналасқан. Бір-бірімізбен көп тәжірибе алмасамыз. Қазақстан – үлкен мемлекет. Әрбір қаласында бокс секциясы бар. Сондықтан турнирлер жиі өткізіледі. Ұйымдастырған жарыстарынан қалмай баратын бірінші ел – біз. Өйткені жол шығыны арзан, ал бокс деңгейі Қазақстанда жоғары. Мұның бәрі Өзбекстан боксының дамуына ықпал етті. Бәсекелестіктің арқасында өзбек боксы көтерілді. Қазақтар біздің дамуымызға көп көмектесті, бірақ мұны өздері түсінбеді", - деді Ташходжаев Sports.ru сайтына берген сұхбатында.

Бокстан Өзбекстан құрамасы Париж Олимпиадасында бес алтын медаль жеңіп алды. Хасанбой Дусматов (51 кг), Абдумалик Халоков (57кг ), Асадхуджи Муйдинхуджаев (71 кг), Лазизбек Муллажонов (92 кг) және Баходир Джалолов (92+ кг ) чемпион болды. Ал Қазақстан ерлер құрамасы бір ғана медаль иеленді. 80 кг салмақ дәрежесінде Нұрбек Оралбай күміс жүлде еншіледі.

Еске салайық, казақ спорт мамандары өзбекстандық Олимпиада чемпиондарына шапан жауып құрмет көрсеткенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2161918-ozbekstan-boks-federatsiiasynyng-okili-qazaqtar-bizding-damuymyzga-kop-komektesti/