Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресми: Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны ауысты

Жарияланған күні:

Айбек Оралбай үзіліс кезінде. Ташкент, 1 мамыр 2023 жыл
Айбек Оралбай. Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа капитаны Айбек Оралбай болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ұлттық құраманың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Айбек Оралбай бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны болды. Бұған дейін ұлттық құраманың капитаны Асланбек Шымбергенов еді.

"Команда жаңа құраммен жаңа Олимпиадалық кезеңге кірісті. Алғашқы оқу-жаттығу жиынының басында жиналыс өтті. Басшылық және бапкерлік құрам қатысқан жиында қарастырылған мәселелердің бірі - команда капитанын ауыстыру. Дауысқа салып, шешім қабылданды. Айбек Оралбайдың спорттық және азаматтық қабілеттерін ескере отырып, барлығы осы өзгерісті қолдады", - деп мәлімдеді бокс федерациясының баспасөз қызметі.

Кеше, 16 қыркүйекте бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов Амманда өтетін Азия чемпионаты қарсаңында бірқатар боксшыларымыздың салмақ ауыстырғанын мәлімдеді. Олардың қатарында Айбек Оралбай да табылды. 92 кг дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасып жүрген Айбек Оралбай алдағы уақытта +92 кг салмақта бақ сынап көрмекші.

Айта кетейік, Айбек Оралбай 2018 жылғы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанған. Сондай-ақ 2021 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері және 2022 жылғы Азия чемпионы дәрежесіне дейін жеткен. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2162164-bokstan-ulttyq-qurama-kapitany-auysty/