jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Азия чемпионаты қарсаңында боксшылар Махмұд Сабырхан мен Айбек Оралбай салмақ ауыстырды

    Айбек Оралбай пен Радослав Пантелеев арасындағы кездесу
    Айбек Оралбай қызыл жейдеде. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Бокстан Амманда өтетін Азия чемпионаты қарсаңында танымал қазақстандық боксшылар салмақ ауыстырды. Атап айтқанда, Махмұд Сабырхан мен Айбек Оралбай салмақ ауыстырды Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитет сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді.

    "Азия чемпионатына ең мықты деген боксшыларды апарамыз. Құрлық додасы қарсаңында біраз боксшының салмақ дәрежесі ауыспақ.

    48 келіде Санжар Тәшкенбай мен Теміртас Жүсіпов, 51 келіде Сәкен Бибосынов пен Дамир Әбдіхалықов арасында өзара мықты атанған боксшыларға басымдық береміз.

    Махмұд Сабырхан да 54 келіде күш сынап көретінін айтты. Серік Теміржанов 60 келіге, Айбек Оралбай +92 келіге ауысып жатыр. Қамшыбек екеуін бақылаймыз, егер Қоңқабаевтың салмағы аздау боп жатса, 92 келіге түсірерміз.

    Мұның бәрі алдағы уақыттың еншісінде. Салмақ бойынша осындай жаңалықтар бар", - деді бапкер.

    Айта кетелік, Париж Олимпиадасында Махмұд Сабырхан 57 келіде, Айбек Оралбай 92 келіде сынға түскен болатын.

    Азия чемпионаты қарсаңында боксшылар Махмұд Сабырхан мен Айбек Оралбай салмақ ауыстырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.