Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Канелоның" командасына алғыс айтамын": қазақстандық боксшы АҚШ-тағы жеңісінен кейін пікір білдірді

Жарияланған күні:

Бек Нұрмағанбет
Бек Нұрмағанбет. Фото: Sarah Stier/Getty Images

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет АҚШ-та өткен кездесуіндегі жеңісінен кейін Сауль "Канело" Альварестің командасына алғысын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

15 қыркүйекте қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет Лас-Вегаста (АҚШ) өткен бокс кешінде америкалық Джошуа Конлиге (17-7-1, 11 КО) қарсы кездесу өткізіп, қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберіп, жеңіске жеткен еді.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сауль "Канело" Альварес (62-2-2, 39 КО) пен Эдгар Берланга (22-1, 17 КО) арасындағы жекпе-жектің андеркартында өнер көрсеткен болатын.

"Менің кезекті жеткен жеңісіме қолдау білдіріп құттықтап жатқан барлық жанашырларыма рақмет! Сондай-ақ осындай үлкен аренада әлемнің үздік боксшыларымен бір қатарда жұдырықтасып, өнер көрсетуіме мүмкіндік берген "Канелоның" командасына алғыс айтамын! Маған қажет көмектің бәрін жасаған кісілерге рақмет!", - деп өз алғысын білдірді Бек Нұрмағанбет Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Сондай-ақ BoxRec.com сайтының мәліметіне сүйенсек, Бек Нұрмағанбет 25 қазанда АҚШ-та жұдырықтасады. Қарсыласы туралы мәлімет әлі нақтыланбаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2162241-kanelonyng-komandasyna-algys-aitamyn-qazaqstandyq-boksshy-aqsh-tagy-zhengisinen-keiin-pikir-bildirdi/