Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

World Boxing ұйымы 2025 жылы өтетін әлем чемпионатының күні мен орнын мәлімдеді

Жарияланған күні:

Бокс қолғабы
Бокс қолғабы. Фото: Gerardo Vieyra/NurPhoto via Getty Images

World Boxing ұйымы бокстан әлем чемпионатының өтетін күні мен орнын жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бокстан әлем чемпионаты 2025 жылдың 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульдегі (Ұлыбритания) M&S Bank аренасында өтеді. World Boxing ұйымы IBA-ға бәсекелес ретінде құрылды. Қазіргі уақытта жаңа бокс ұйымының құрамына 44 ұлттық федерация кіреді.

World Boxing ұйымының ІВА-дан ерекшелігі – бір уақытта ерлер мен әйелдер бәсекесіндегі әлем чемпионатын өткізеді. Спортшылар осы жылы түпкілікті нақтыланатын он салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды.

Естеріңізге сала кетейік, 16 тамызда IBA 2025 жылы әлем біріншіліктері қай елдерде өтетінін хабарлады. Ұйымның ресми сайтында әйелдер арасындағы чемпионат 2025 жылы наурызда Белградта (Сербия), ал ерлер арасындағы чемпионат 2025 жылы мамырда Астанада (Қазақстан) болатыны туралы ақпарат жарияланды.

Артынша бұл ақпарат IBA-ның ресми сайтынан өшіріліп, оның орнына 2025 жылы әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Сербияда болатыны туралы хабарлама жарияланған жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2162769-world-boxing-uiymy-2025-zhyly-otetin-alem-chempionatynyng-kuni-men-ornyn-malimdedi/