jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    IBA бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтетінін хабарлап, кейін ақпаратты өшіріп тастады

    Нұрбек Оралбай мен Пиналес
    Нұрбек Оралбай мен Пиналес. Фото: Richard Pelham/Getty Images

    Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 2025 жылы бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты Қазақстанда өтетінін мәлімдеп, кейін ақпаратты өшіріп тастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Кеше, 16 тамызда IBA 2025 жылы әлем біріншіліктері қай елдерде өтетінін хабарлады. Ұйымның ресми сайтында әйелдер арасындағы чемпионат 2025 жылы наурызда Белградта (Сербия), ал ерлер арасындағы чемпионат 2025 жылы мамырда Астанада (Қазақстан) болатыны туралы ақпарат жарияланды. Қазақстанның бокс федерациясы алғашында қыздар арасында әлем біріншілігін өткізуге өтінім бергені, бірақ кейін ерлер арасындағы чемпионатты өткізуді шешкені де айтылды.

    IBA бокстан 2025 жылғы әлем чемпионаттары қайда өтетінін хабарлады
    IBA-ның ресми сайтындағы хабарлама. Скриншот: iba.sport

    Артынша бұл ақпарат IBA-ның ресми сайтынан өшіріліп, оның орнына 2025 жылы әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Сербияда болатыны туралы хабарлама жарияланды. Ал ерлер арасындағы біріншілікті келесі жылы мамырда өткізуге көптеген ел өтінім бергені және турнир нақты қайда болатыны жыл соңына қарай анықталатыны хабарланды.

    IBA-ның ресми сайтындағы хабарлама
    IBA-ның ресми сайтындағы хабарлама. Скриншот: iba.sport

    Айта кетейік, Халықаралық Олимпиада комитеті IBA-ға мүше елдер 2028 жылы Олимпиада ойындарына қатыстырылмайтынын ескерткен еді. Сондай-ақ ХОК IBA-ны халықаралық федерация ретінде мойындамайтынын мәлімдеген болатын.

    IBA бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтетінін хабарлап, кейін ақпаратты өшіріп тастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.