Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшы қыз: Ел тарихындағы алғашқы абсолют әлем чемпионы боламын

Жарияланған күні:

Ангелина Лукас
Ангелина Лукас. Фото: instagram.com / angelina_lukas1997

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (10-1, 5 КО) Instagram желісіндегі ресми парақшасында алдағы жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады. Ол 6 қазанда әлем чемпоны атағы үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Баршаңызға ассалаумағалейкум. 6 қазан күні IBO World әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жегім өтеді! Өзімнің кім екенімді және қандай екенімді көрсетуге мүмкіндік берген әлемге шексіз ризамын. Өзім ұнататын ісім үшін, өз құқығым мен қорғайтын дүниелерім үшін күресемін. Сондай-ақ барлығы менің бокс тарихының бір бөлігі екенімді білетін болады. Мен бұл оқиғаға дайынмын және жеңіске жету үшін бәрін жасауым керек! 

Мен бірнеше жыл бұрын осы атаққа және осындай жекпе-жекке дайын болдым. Мақсатыма сеніммен жетіп, мүмкіндікті күттім. Бала күнімнен бокспен айналыстым, 13 жасымнан бастап әуесқой бокста жүріп, шамамен 300 жекпе-жек өткіздім, әлем чемпиондарынан бастап, Олимпиада чемпиондарын да жеңдім. Бұл тәжірибе әрқашан менімен, қанымда, жүрегімде. Ол маған күш береді!

Кәсіпқой рингтегі төртінші жекпе-жегімде бірнеше мәрте әлем чемпионы атанған, 28 рет жеңіске жеткен тәжірибелі мексикалық Ана Аррасоламен шықтым, бірақ сенімді түрде жеңіп, WBC International титулын алдым. Кейін WBF және WIBF әлем чемпиондық атақтарын жеңіп алдым. Енді мен Қазақстан тарихында алғашқы абсолютті әлем чемпионы болуға ниеттімін және рингте барымды саламын! Бокс – менің өмірімнің мәні!", - деп жазды Ангелина Лукас.

Айта кетейік, Ангелина Лукас Youtube желісіндегі "Алга Казахстан" арнасына берген сұқбатында өзге елдің азаматтығын алу туралы ұсыныс түскенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2162935-qazaqstandyq-boksshy-qyz-el-tarihyndagy-algashqy-absoliut-alem-chempiony-bolamyn/