jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Әзербайжан, Бахрейннен ұсыныс түсті": қазақстандық боксшы азаматтық ауыстыру туралы ойын айтты

    Ангелина Лукас
    Ангелина Лукас: Instagram angelina_lukas1997

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас Youtube-тағы "Алга Казахстан" арнасына берген сұқбатында өзге елдің азаматтығын алу туралы не ойлайтынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Әзербайжан елінен азаматтық ауыстыру туралы ұсыныс түсті. Бір рет ғана емес, әлі күнге дейін хабарласады. Олар мені Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға апарғысы келетін сияқты.

    Париж Олимпиадасы қарсаңында Бахрейн елі жақсы келісімшарт ұсынды. Бірақ мен: "Жоқ, келіспеймін, хабарласпаңыздар", - дедім. Олар қанша ақша төлейтіндерін және қандай жағдай жасайтындарын көруімді ұсынды. Мен сыйластық танытып, "жарайды жіберіңіздер" дедім. Кейін ол жақта мені ешкім білмейтінін, ал Қазақстанда көшеде-ақ адамдар танитынын ойладым.

    Шын мәнінде, менің Қазақстанда дүниеге келгенім бекер емес деп ойлаймын. Сондықтан осы елге пайдамды тигізгім келеді", - деді Ангелина Лукас.

    Айта кетейік, Ангелина Лукас соңғы рет биыл мамырда шаршы алаңға шықты. Ол Бангкоктегі (Тайланд) кәсіпқой бокс кешінде индонезиялық Хармо Йестимен жұдырықтасып, жеңген еді. Осылайша, Ангелина кәсіпқой рингте оныншы жеңісіне қол жеткізген болатын.

    "Әзербайжан, Бахрейннен ұсыныс түсті": қазақстандық боксшы азаматтық ауыстыру туралы ойын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.