jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    АҚШ-та нокаутпен жеңген қазақстандық боксшы WBC рейтингіне енді

    Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов
    Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов. Фото: olympic.kz

    Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (14-0, 12 КО) АҚШ-тағы жеңісінен соң Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) рейтингіне енді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Cадриддин Ахмедов 31 тамызда Санта-Йнесе қаласында (Калифорния, АҚШ) өткен бокс кешінде жекпе-жекке шыққан еді. Ол америкалық боксшы Антонио Тоддпен жұдырықтасып, бірінші раундта нокаутпен ұтқан болатын. Осылайша кәсіпқой рингте 14-рет жеңіске жетті (оның 12-сі мерзімінен бұрын).

    Осы жеңістен кейін Ахмедов Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) рейтингіне 30-нөмірмен енді. Бірінші орта салмақтағы WBC әлем чемпионы белбеуі АҚШ cпортшысы Себастьян Фундораға тиесілі. Ал рейтингтегі үздік үштіктің қатарында америкалық Эррол Спенс, украиналық Сергей Богачук және өзбекстандық Исраил Мадримов бар.

    BoxRec.com порталының мәліметінше, Ахмедовтың келесі жекпе-жегі 13 желтоқсанда Санта-Инездеде (Калифорния, АҚШ) өтеді. Қарсыластың есімі әлі белгісіз. Жекпе-жек промоутер Том Леффлердің 360 Promotions шоуы аясында болады.

    АҚШ-та нокаутпен жеңген қазақстандық боксшы WBC рейтингіне енді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.