Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Есімі әлемнің үздік бокс аренасының тақтасына жазылған қазақстандық боксшылар кім

Жарияланған күні:

Серік Қонақбаев, Виктор Демьяненко, Владимир Шин, Камил Сафин және федерация функционерлері
Серік Қонақбаев, Виктор Демьяненко, Владимир Шин, Камил Сафин және федерация функционерлері. Фото: Olympic.kz

1979 жылы АҚШ-та өткен бокстан әлем кубогына КСРО құрамасы атынан қазақстандық боксшылар бақ сынаған. Бұл додада жеңіс тұғырына көтерілген қазақстандық боксшылардың есімдері АҚШ-тағы әйгілі Madison Square Garden-дегі тақтаға жазылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-та өткен әлем кубогында медальдар 11 салмақ дәрежесінде сарапқа салынды. Негізгі бәсеке АҚШ пен КСРО құрамалары арасында болды. Аталмыш турнирге қатысқан 3 қазақстандық спортшы да жеңіс тұғырынан көрінді.

60 кг салмақтағы финалдық бәсекеде Виктор Демьяненко америкалық Дейв Армстронгтан басым түсті. Ал 63,5 кг салмақта жұдырықтасқан Серік Қонақбаев финалда Лемуэель Степлсті жеңді. Ал бұл турнирже күміс медальді қазақстандық Камил Сафин (48 кг) еншіледі. 

Жарыстан соң боксшылар мен бапкерлер естелік фотоға түсті. Суретте Виктор Демьяненко, Серік Қонақбаев, Владимир Шин, Камил Сафин және Дональд Халл бастаған Халықаралық федерацияның функционерлері бар. 

Серік Қонақбаев пен Виктор Демьянкенконың есімі Madison Square Garden-дегі мәрмәр тақтаға әлем кубогы жеңімпаздарымен бірге ойылып жазылған. Виктор Леондиович бұл мәрмәр тақтаны жеке өзі көрмегенін, алайда бұл ақпараттан хабардар екенін жеткізді. Сондай-ақ даңқты боксшы турнир қарсаңында Нью-Йоркте басынан өткен оқиғаны баяндады. 

"Нью-Йорктегі қонақүйде КСРО құрамасы мүшелері лифтпен өз бөлмемізге көтеріліп келе жаттық. Кезекті қабаттардың бірінен бір топ америкалық боксшылар кірді. Кенет 75 кг салмақта жұдырықтасатын спортшы мені қалай ұрып құлатынын ыммен көрсетіп, тістерімді ұшырып жіберетінін де ишарамен көрсетті.

Мен де көп ойланбай оған сол соққыларымды көрсетіп, соңында оны аяқпен тепкілеп тастайтынымды айттым. Осыны көрген қасымдағы жігіттер күлкілерін тыя алмай, мені арқамнан қаға бастады. Қорыта айтар болсам, олармен де достасып кеттік", - деді Виктор Демьяненко.

Айта кетейік, бұл бәсекеде 7 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль иеленген америкалықтар кубокты өз елінде қалдырды. Кеңестік боксшылар 3 алтын, 5 күміс және 2 қоламен екінші орынға тұрақтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2164672-esimi-alemning-uzdik-boks-arenasynyng-taqtasyna-zhazylgan-qazaqstandyq-boksshylar-kim/