Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жәнібек Әлімханұлы үлкен қиындыққа тап болады": шетелдік промоутер қазақ боксшысын сынады

Жарияланған күні:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Жаңазеландиялық кәсіпқой боксшы Андрей Михайловичтің (21-0, 13 КО) промоутері Джордж Роуз Аустралияда Жәнібек Әлімханұлын (15-0, 10 КО) үлкен қиындықтар күтіп тұрғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ foxsports.com.au сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қос боксшы 4 қазанда Сидней қаласында жұдырықтасады. Алайда Жәнібек Әлімханұлы Аустралияға жекпе-жекке 2 күн қалғанда ұшып келуді көздеп отыр. Осы орайда Андрей Михайловичтің промоутері Джордж Роуз Аустралияда Жәнібек Әлімханұлын қиындықтар күтіп тұрғанын айтты.

"Әлімханұлының командасы алдын ала не сұратқанын білмеймін. Бірақ, бір білерім, олар ұшақтан түскен кезде бірден қиындыққа тап болады. Боксшылар ұзақ жолдан кейін үнемі шағым айтатынын білесіздер, жол шаршатып тастайды. Жәнібек сағат белдеулерін ауыстырады, бұл оңай емес. Оның үстіне, салмағын тағы қууы керек. Мұндай жағдайда мен өзімнің ешбір боксшыма рингке шығуға кеңес бермес едім", - деді Роуз.

Маманның айтуынша, әдетте Аустралияда жұдырықтасатын боксшылар бірнеше апта бұрын келіп алады. Жергілікті климатқа және уақыт белдеуіне үйрену үшін бұл өте маңызды екенін атап өтті.

"Жәнібектің бұл шешімі өзіне деген сенімділік пе әлде Андрейді менсінбей тұрғаны ма? Білмеймін. Промоутер ретінде осындай жағдайды алғаш көруім. Әдетте осында келетін боксшылар ертерек келеміз дейтін еді. Сондықтан Жәнібектің сәрсенбі күні келемін дегеніне таңғалып отырмын", - деді промоутер.

Еске салайық, Әлімханұлы мен Михайлович арасындағы жекпе-жек биыл шілдеде АҚШ-та өтуі керек еді. Алайда, қазақ боксшысы салмағын қуу кезде ағзасы құрғап кетіп, ауруханадан бір-ақ шықты. Ұйымдастырушылар мен промоутерін шығынға батырғандықтан жекпе-жекті қайта өткізу құқығына жаңазеландиялық боксшының менеджерлері ие болды.

Аталған кездесуде бәске Жәнібектің чемпиондық қос белбеуі IBF пен WBO титулдары тігіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2167950-zhanibek-alimhanuly-ulken-qiyndyqqa-tap-bolady-sheteldik-promouter-qazaq-boksshysyn-synady/