jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    19 жастағы дзюдошы әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері атанды

    Талғат Орынбасар
    Талғат Орынбасар. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық дзюдошы Талғат Орынбасар Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Спортшы жұбаныш финалында әзірбайжандық Низами Имрановпен кездесті. Екеуара тартысты кездесу негізгі уақытта тең аяқталып, қосымша уақытта отандасымыз Талғат Орынбасардың еншісіне шешілді. Осылайша Талғат Орынбасар өзі қатысқан соңғы үш жылдағы әлем чемпионатның үшеуінде де қола жүлдеге қол жеткізді.

    Бұған дейін ол 2022 жылы жасөспірімдер арасында, 2023 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.

    "60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан ол бүгін жарыс барысында барлығы 5 кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Ол іріктеу кезеңінде Матья Жеремик (Сербия), Адис Орозмаматовты (Қырғызстан) жеңді. Ширек финалда тәжікстандық қарсыласына есе жібергенімен, жұбаныш белдесуінде Винчензо Манферлоттиді (Италия) жеңіп, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алған болатын", - делінген хабарламада.

    Бұл салмақ дәрежесінде жапониялық Ямато Фукуда жеңімпаз атанды. Тәжікстандық Лойқ Кудбудинов күміске, Талғат Орынбасар мен өзбекстандық Муродил Муродиллаев қола жүлдеге ие болды.

    Айта кетерлігі, Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. 7 қазанға дейін жалғасатын әлем чемпионатына 67 елден 531 жас татами шебері қатысып жатыр.

    19 жастағы дзюдошы әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.