Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жәнібектің шамасы жетпейді": спорт сарапшысы қазақстандық боксшының мүмкіндігін бағамдады

Жарияланған күні:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Steve Marcus/Getty Images

Бұрынғы әлем чемпионы, қазіргі уақытта комментатор әрі спорт сарапшысы Крис Алджиери қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлының бұдан жоғары салмақ дәрежесіндегі мүмкіндігін бағалады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Boxingscene.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бір кездері Жәнібек Әлімханұлы жақсы қырынан көрінді, бірақ оның салмақ қуудағы қиындықтары алаңдаушылық туғызуы тиіс, бұл оның алдағы уақытта екінші орта салмақ дәрежесінде өнер көрсетуі мүмкін бе деп ойлануға да мәжбүрлейді. Ал Шығыс Еуропа боксшылары көбінесе ең тәртіпті спортшылардың қатарында.

Бүгінде мен оны кез келген белсенді орта салмақ боксшысымен жекпе-жекте фаворит деп санаймын. Бірақ бұрынғыдай емес. Егер біз оны 168 фунт салмақта көретін күн келсе, оның бұл дәрежеде табысқа жетуіне күші жеткіліксіз болады деп ойлаймын.

Орта салмақта ол әлемдегі ең үздік боксшылардың бірі болса, екінші орта салмақта жоғары деңгейге жете алмауы мүмкін. Бұл салмақ дәрежесінің көшбасшысы Сауль "Канело" Альварес болып қала береді. Сондай-ақ бұл жерде Хайме Мунгия, Кристиан Мбилли және Эдгар Берланга сынды физикалық жағынан мықты боксшылар бар. Олар Жәнібек Әлімханұлымен бокс тұрғысынан емес, өздерінің дене бітімін пайдаланып, күш көрсете алуы мүмкін, ал Жәнібектің оларды тоқтатуға шамасы жетпейді", - деді Крис Алджиери.

Айта кетейік, бүгін, 4 қазанда Жәнібек Әлімханұлы Сиднейде (Аустралия) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен жұдырықтасады.

Бұл жекпе-жекті Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Қазақстан уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2169823-zhanibekting-shamasy-zhetpeidi-sport-sarapshysy-qazaqstandyq-boksshynyng-mumkindigin-bagamdady/