Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістандық боксшылар халықаралық турнирде 7 медаль жеңіп алды

Жарияланған күні:

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы. Фото: t.me/boxing_kazakhstan

Шымкентте өткен Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирде түркістандық боксшылар 7 медаль еншіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бокс додасына Қазақстан ұлттық құрамасының былғары қолғап шеберлері де қатысты. Жарыс нәтижесінде Түркістан облысының спортшылары 2 алтын, 3 күміс және 2 қола медальді олжалады.

Қоржынға жүлде салған спортшылар қатарында 54 кг салмақта ринг көркін қыздырған Сәкен Бибосынов та бар. Ол жарақатына байланысты финалға шыға алмай, күміс жүлде иеленді. Ал 67 кг салмақта жұдырықтасқан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ осы салмақта өнер көрсеткен тағы бір түркістандық боксшы Бақтияр Анарбаев қола медальді қанағат тұтты.

Бұдан бөлек 92 кг салмақта қос түркістандық боксшы Сағындық Тоғамбай мен Абзал Құттыбеков ақтық сында кездесіп, бар күш-жігерлерін көрсетті. Тартысты жекпе-жек нәтижесінде Сағындық Тоғамбай жеңіске жетті.

+92 кг салмақта Түркістан облысының үміті Нұрлан Сапарбай мен елордалық Айбек Оралбай бас жүлдеге таласты. Нәтижесінде Айбек Оралбай абсалютті салмақта жеңімпаз атанды. Осы салмақта Даниял Сапарбай қола медальді облыс қоржынына салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2169991-turkistandyq-boksshylar-halyqaralyq-turnirde-7-medal-zhengip-aldy/