jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Бақытжан Отарбаева
    Бақытжан Отарбаева
    Бұрынғы қызметкер

    WBO талап қойды: Жәнібек Әлімханұлы титулынан айырылуы мүмкін

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Yong Teck Lim/Getty Images)

    Дүниежүзілік бокс федерациясы ресми парақшасында Жәнібек Әлімханұлы титулынан айырылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    4 қазанда Аустралияның Сиднейінде Жәнібек Әлімханұлы кәсіби рингте 16-жекпе-жегін өткізді, оның қарсыласы жаңазеландиялық Андрей Михайлович болды. Жекпе-жек тоғызыншы раундта "қазақ стиліндегі" техникалық нокаутпен аяқталды.

    Бастапқыда қазақстандық бұл жекпе-жекте WBO және IBF ұйымдарының желісі бойынша чемпиондық белбеулерді қорғайды деп жоспарланған болатын, алайда нәтижесінде бұл жекпе-жек тек IBF атағы үшін өтті.

    Осыған байланысты WBO Ережелерді бұзғаны үшін Әлімханұлының өз ұйымының чемпиондық белбеуінен айырылуы мүмкін екені туралы мәлімдеме жариялады.

    Осылайша отандық боксшының командасына WBO орта салмақтағы чемпиондық белбеуді бос деп жарияламау себебін негіздеу тапсырылды. Жауапты жариялау мерзімі хабарлама алынған сәттен бастап бес күн деп бекітілген.

    Жәнібек Әлімханұлы егер оның командасы Михайловичпен жекпе-жекте неге бір ғана белбеу тігілгенін негіздей алмаса немесе дәлелдей алмаса, WBO белбеуінен айырылуы мүмкін.

    WBO талап қойды: Жәнібек Әлімханұлы титулынан айырылуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.