Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас рингтегі 11-жеңісіне қол жеткізіп, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Ангелина Лукас Бангкоктағы (Таиланд) бокс кешінде жұдырықтасты. Оның қарсыласы аргентиналық Дебора Анахи Лопес (21-2-1) болды.
Жекпе-жек әйелдер арасындағы жеңіл салмақ дәрежесінде өтті. Он раундқа созылған кездесуде төрешілердің шешімімен Ангелина Лукас жеңіске жетті.
Осылайша қазақстандық спортшы кәсіпқой рингтегі 11-жеңісіне қол жеткізіп, IBO белбеуінің иегері атанды. Бұл боксшының биылғы үшінші титулы. Осыған дейін ол WIBF және WBF белбеулерін жеңіп алған еді.
Естеріңізге сала кетейік, 27 жастағы Лукас кәсіпқой бокстағы дебютін 2021 жылы өткізген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2170669-qazaqstandyq-boksshy-qyz-alem-chempiony-atagyn-zhengip-aldy/