jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық боксшы қыз әлем чемпионы атағын жеңіп алды

    Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас
    Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас. Фото: instagram.com/angelina_lukas1997

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас рингтегі 11-жеңісіне қол жеткізіп, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Ангелина Лукас Бангкоктағы (Таиланд) бокс кешінде жұдырықтасты. Оның қарсыласы аргентиналық Дебора Анахи Лопес (21-2-1) болды.

    Жекпе-жек әйелдер арасындағы жеңіл салмақ дәрежесінде өтті. Он раундқа созылған кездесуде төрешілердің шешімімен Ангелина Лукас жеңіске жетті.

    Осылайша қазақстандық спортшы кәсіпқой рингтегі 11-жеңісіне қол жеткізіп, IBO белбеуінің иегері атанды. Бұл боксшының биылғы үшінші титулы. Осыған дейін ол WIBF және WBF белбеулерін жеңіп алған еді.

    Естеріңізге сала кетейік, 27 жастағы Лукас кәсіпқой бокстағы дебютін 2021 жылы өткізген болатын.

    Қазақстандық боксшы қыз әлем чемпионы атағын жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.