Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістандық боксшылар халықаралық турнирде 2 алтын, 1 қола медаль еншіледі

Жарияланған күні:

Түркістандық боксшылар халықаралық турнирден жүлдемен оралды
Түркістандық боксшылар халықаралық турнирден жүлдемен оралды. Фото: instagram.com/turkistan_sport

Жуырда Өзбекстанның Ферғана қаласында бокстан жастар арасында халықаралық турнир өтті. Бұл жарыста Түркістан облысының спортшылары 2 алтын, 1 қола жүлде жеңіп алды, деп KAZ.NUR.KZ облыстық спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қыздар арасында 81 кг салмақта Шұғыла Нәлібай, ал 63 кг салмақта Аружан Жаңабаева сынды қос түркістандық ару алтын медаль жеңіп алды. Ал 52 кг салмақта Бағжан Отынбай қолаға қол жеткізді.

Еске салайық, Шымкентте өткен Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирде түркістандық боксшылар 7 медаль еншілеген еді. Оның екеуі алтын, үшеуі күміс, екеуі қола медаль.

Қоржынға алтын салған боксшылар қатарында Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Сағындық Тоғамбай бар. Ал Сәкен Бибосынов, Абзал Құттыбеков және Нұрлан Сапарбай күміс, Бақтияр Анарбаев пен Даниял Сапарбай қола жүлдені қанжығалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2170968-turkistandyq-boksshylar-halyqaralyq-turnirde-2-altyn-1-qola-medal-enshiledi/