jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Ресми: Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Mikey Williams/Top Rank Inc via Getty Images

    Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық атағын британиялық Хамза Ширазқа қарсы қорғайтынын ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ WBO-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    WBO-ның мәлімдемесіне сүйенсек, Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираздың командалары бүгіннен бастап 15 күн ішінде жекпе-жекке келісіп, кездесудің өтетін орны мен уақытын белгілеу қажет.

    Егер тараптар келіспесе, жекпе-жек промоутерлік сатылымға өтеді.

    Бұған дейін WBO қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айыруы мүмкін екендігі туралы мәлімдеме жасап, бес күн ішінде олардан орта салмақтағы белбеуді неліктен бос деп жарияламау себебін түсіндіруді талап еткен.

    Еске салайық, 4 қазанда Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичті жеңіп, IBF және WBO чемпиондық атақтарын қорғаған болатын.

    Ресми: Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.