jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Артур Бетербиев жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атанды

    Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол
    Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол. Фото: Richard Pelham/Getty Images

    WBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Артур Бетербиев пен осы дивизиондағы WBA титулының иегері Дмитрий Бивол жекпе-жек өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізді. 12 раундқа жоспарланған бұл жекпе-жекте Артур Бетербиев төрешілердің бірыңғай шешімімен (114:114, 115:113, 116:112) жеңіске жетті.

    Дмитрий Бивол Қырғызстанда дүниеге келген. Қазіргі уақытта ол Ресей атынан жұдырықтасып жүр. Дмитрий Бивол мансабында 23 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

    Артур Бетербиев Дағыстанда дүниеге келген. Қазіргі уақытта ол Канада атынан жұдырықтасып жүр. Артур Бетербиев мансабында 20 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

    Айта кетейік, Артур Бетербиев бұған дейін биыл 14 қаңтарда Каллум Смитті нокаутқа түсіріп жеңіске жеткен болатын. Ал Дмитрий Бивол биыл 2 маусымда ливиялық Малик Зинадты техникалық нокаутпен жеңген еді.

    Артур Бетербиев жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.