Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны болып сайланды

Жарияланған күні:

Назым Қызайбай
Назым Қызайбай. Фото: Richard Pelham/Getty Images

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны болып сайланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ бокс федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Федерация мәліметінше, 12 қазанда бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиыны аясында, бапкерлер мен боксшылардың қатысуымен жиналыс өткізілді.

"Жиын барысында талқыланған бірнеше маңызды мәселенің бірі - жаңа құрама капитанын сайлау. Нәтижесінде, спортшылардың басым көпшілігінің дауысымен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны ретінде сайланды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта бұрымды боксшылар Азия чемпионатына дайындалып жатыр. Құрлықтық біріншілік 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Иорданияда өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2173573-nazym-qyzaibai-bokstan-qazaqstan-aielder-quramasynyng-kapitany-bolyp-sailandy/