Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазір ешкім таланттарды іздемейді": Қайрат Сәтжанов боксшылар дұрыс іріктелмейтінін айтты

Жарияланған күні:

Қайрат Сәтжанов
Қайрат Сәтжанов. Фото: youtube.com/@birinshibol

Бокстан Қазақстанның ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов жас таланттарды іздеу және селекция мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

16 тамызда Қайрат Сәтжанов бокстан Қазақстанның ерлер құрамасының бас бапкері болып тағайындалған еді. Сол уақыттан бері ұлттық құрамамен бірнеше оқу-жинын өткізіп үлгерді. Бас бапкер YouTube желісіндегі "Бірінші бол" арнасына берген сұқбатында боксшыларды дұрыс іріктеу керек екенін айтты.

"Таланттарды іздеу керек. Біз басшылыққа да айттық. Бұл мәселені әр облыс басшысына тапсырса, жақсы болар еді. Бұрын біз қыркүйекте мектепке барып, жас таланттарды іздейтінбіз. "Кім боксқа жазылады?" - десек, бәрі қолын көтеретін. Содан оларды залға әкелесің, кететіндері кетеді, қалатындары қалады. Қазір ешкім селекция жасамайды, бармайды, іздемейді. Спорт залға келген балаларды жазады да, солармен жұмыс істей береді. Ал ауылдарда жақсы балалар бар деп ойлаймын", - деді Қайрат Сәтжанов.

Сондай-ақ Шымкентте 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Кеңес Одағының батыры Қараоқозы Әбдіалиевті еске алуға арналған халықаралық турнир өтті. Дәл осы шаршы алаңда өткен жекпе-жектер негізінде қараша айында Иорданияда өтетін Азия чемпионатына баратын құрам іріктелетіні айтылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2174362-qazir-eshkim-talanttardy-izdemeidi-qairat-satzhanov-boksshylar-durys-iriktelmeitinin-aitty/