Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Владимир Кличко Олимпиада бағдарламасынан боксты алып тастауға қарсы шықты

Жарияланған күні:

Владимир Кличко
Владимир Кличко. Фото: Beata Zawrzel/NurPhoto via Getty Images

Атақты украиналық кәсіпқой боксшы Владимир Кличко Олимпиада ойындарының бағдарламасында боксты сақтап қалу үшін барлық күшті жұмылдыруға шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Владимир Кличко әдеуметтік желіде видео-үндеуін жариялап, қазіргі уақытта Олимпиададағы бокстың болашағын қорғауға белсенді жұмыс жүргізіп жатқан World Boxing ұйымына және оның президенті Борис ван дер Ворстқа қолдау білдірді.

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мойындаған федерациялар құрамынан шығарылуына байланысты Олимпиада ойындарындағы бокстың болашағы қауіпті жағдайда тұр.

"Бокс – Олимпиада бағдарламасындағы ең қызық әрі көне спорт түрлерінің бірі. 1996 жылғы Олимпиада чемпионы ретінде боксты 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадада сақтау керек екенін айтқым келеді", - деді Владимир Кличко World Boxing ұйымының Х желісіндегі ресми парақшасында жарияланған видео-үндеуде.

Айта кетейік, 26 қыркүйекте Қазақстан бокс федерациясы World Boxing ұйымының қатарына қосылу үшін ресми өтініш берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2175411-vladimir-klichko-olimpiada-bagdarlamasynan-boksty-alyp-tastauga-qarsy-shyqty/