Будвада (Черногория) өтіп жатқан 17-18 жастағы боксшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық 17 боксшы жартылай финалға шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан құрамасы осы жас санатындағы әлем чемпионатының жартылай финалистер саны бойынша өз рекордын жаңартты. Әлем біріншілігінің жартылай финалына төмендегі боксшылар жолдама алды:
Ұлдар:
- 48 кг. Диас Берікбай;
- 51 кг. Бексұлтан Боранбек;
- 57 кг. Жансері Көшербаев;
- 67 кг. Төрехан Сабырхан;
- 71 кг. Өнер Сейілхан;
- 75 кг. Санжарәлі Бегалиев;
- 92 кг. Расул Асанханов;
- +92 кг. Аслан Елдібайұлы.
Қыздар:
- 48 кг. Әнел Абдрасилова;
- 50 кг. Елянур Турганова;
- 52 кг. Бағжан Отынбай;
- 60 кг. Толғанай Қасымхан;
- 63 кг. Аружан Жаңабаева;
- 66 кг. Ұлдана Таубай;
- 75 кг. Шұғыла Нәлібай;
- 81 кг. Аружан Зейноллаева;
- +81 кг. Панар Сейітханқызы.
Жартылай финалдық жекпе жектер 31 қазан, ал ақтық сын 2-3 қараша аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 500 000 АҚШ доллары. Жеңімпаздарға 8000 доллар, күміс жүлдегерлерге 4000 доллар, қола жүлдегерлерге 2000 доллар, ширек финалистерге 1000 доллар сыйақы беріледі.
Айта кетейік, Черногориядағы әлем чемпионатының ширек финалына қазақстандық 18 боксшы шыққан еді. Оның ішінде қыздар құрамасынан 70 кг салмақта сынға түскен Мария Сидоренко ғана жеңіліп қалып, келесі кезеңге өте алмады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2180963-qazaqstan-quramasy-bokstan-alem-chempionatynda-oz-rekordyn-zhangartty/