Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Телефон қолданбайды, кітап оқиды": бас бапкер боксшы қыздардың күн тәртібін айтты

Жарияланған күні:

Елдос Сайдалин
Елдос Сайдалин. Фото: olympic.kz

Бокстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин Будвада (Черногория) өтіп жатқан әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатқан боксшы қыздардың дайындығы жайлы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бокстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин қазіргі таңда жастар арасындағы әлем чемпионатында боксшы қыздарды шаршы алаңға алып шығып, ақыл-кеңесін айтып жүр.

"Әлем чемпионатында қыздар құрамасы жақсы өнер көрсетіп жатыр деп ойлаймын. Біздің мақсатымыз – командалық есепте бірінші орын алу. Сол межеге дұрыс келе жатырмыз. 12 қыздың тоғызы жартылай финалға өтті.

Мен әйелдер құрамасының бас бапкері болсам да, біз барлық жас дәрежесіне бірдей көңіл бөлуге тырысамыз. Керек жерде ақылымызды қосып, бағыт беріп отырамыз. Қазақстан әйелдер боксында өте мықты жас буын өсіп келе жатыр, осы біріншіліктегі 17-18 жастағы қыздар да, олардың артынан ілескен 13-14 жасар қыздарымыз да осал емес. Оны жазда өткен Азия чемпионатынан да көрдік.

Қыздардың дайындығында бірінші кезекке тәртіпті қоямыз. Қыздар күн тәртібімен жүреді: дұрыс тамақтану, уақытылы ұйқы секілді тәртіпті басты назарда ұстайды. Жарыс және жаттығу жиыны кезінде телефон қарамайды. Барлығы смартфондарын тапсырып, артық нәрсеге алаңдамайды. Бос уақытта бір бірімен араласып, кітап оқиды, таза ауада серуендейді", - деді Елдос Сайдалин Sport+ Qazaqstan сайтына берген сұқбатында.   

Айта кетейік, Будвада (Черногория) өтіп жатқан 17-18 жастағы боксшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық 17 боксшы жартылай финалға шықты. Бұл жолдаманың тоғызы боксшы қыздарымызға тиесілі.

Жартылай финалдық жекпе жектер 31 қазан, ал ақтық сын 2-3 қараша аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 500 000 АҚШ доллары. Жеңімпаздарға 8000 доллар, күміс жүлдегерлерге 4000 доллар, қола жүлдегерлерге 2000 доллар, ширек финалистерге 1000 доллар сыйақы беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2181257-telefon-qoldanbaidy-kitap-oqidy-bas-bapker-boksshy-qyzdardyng-kun-tartibin-aitty/