Әйгілі америкалық боксшы Майк Тайсон 2005 жылдан бері алғаш рет кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізіп, жеңіліске ұшырады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Майк Тайсон Арлингтонда (АҚШ) өткен бокс кешінде отандасы, блогер әрі кәсіпқой былғары қолғап шебері Джейк Полмен жұдырықтасты. Сегіз раундқа созылған кездесуде Пол төрешілердің шешімімен (80-72, 79-73, 79-73) жеңіске жетті.
Осылайша 2005 жылдан бері кәсіпқой рингке алғаш рет шыққан 58 жастағы Майк Тайсон мансабында 7-рет жеңілді. Оның рекордында 50 жеңіc (44-і нокаутпен) бар. Ал 27 жастағы Джейк Пол 11-рет (7-уі нокаутпен) жеңіске жетті. Ол тек бір рет қарсыласына есе жіберген.
Еске салайық, Майк Тайсон салмақ өлшеу рәсімінен соң көз түйістіру кезінде Джейк Полдың бетінен шапалақпен ұрып жіберген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2188242-maik-taison-20-zhyldan-keiingi-algashqy-zhekpe-zheginde-zhengilip-qaldy/