Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір долларға болсын келісемін": Жәнібек Әлімханұлы WBC чемпионымен жекпе-жек өткізуге дайын

Жарияланған күні:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Mikey Williams/Top Rank Inc via Getty Images

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 KO) WBC белбеуінің иегері, доминикандық Карлос Адамеспен (24-1, 18 KO) жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Карлос Адамес бұған дейін Жәнібек Әлімханұлына жекпе-жек өткізу туралы келісімшарт жібергенін, бірақ жауап алмағанын айтқан еді.

"Мен қазір ғана өз командаммен сөйлестім. Әзірге жекпе-жек туралы нақты жауап жоқ. Көпшілік менің келесі жекпе-жегім туралы сұрап жатыр. Біз Жәнібекке ұсыныс тастадық, бірақ ол жауап берген жоқ. Әзірге ресми ештеңе жоқ. Егер бір жаңалық болса, сіздерге бірінші болып хабарлаймын", - деп жазды Карлос Адамес Х желісіндегі ресми парақшасында.

Бұл мәлімдемеге қатысты Жәнібек Әлімханұлы Х желісіндегі ресми парақшасында дереу жауап қайтарды.

"Жылдың ең үздік қалжыңы! Сен мені немесе жанкүйерлерді ақымақ деп ойлайсың ба? Қайда келісімшарт? Маған қазір жібер, мен қол қоямын. Бір долларға болсын келісемін!" - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Айта кетейік, Жәнібек соңғы жекпе-жегін 4 қазанда Аустралияның Сидней қаласында жаңазеландиялық Андрей Михайловичке (21-1, 13 KO) қарсы өткізіп, нокаутпен жеңген болатын.

Ал Карлос Адамес биыл 15 маусымда америкалық боксшы Террелл Гаушаны төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2189294-bir-dollarga-bolsyn-kelisemin-zhanibek-alimhanuly-wbc-chempionymen-zhekpe-zhek-otkizuge-daiyn/