Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы "Канелоны" жекпе-жекке шақырып, кездесу уақытын белгіледі

Жарияланған күні:

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы
Боксшы Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Steve Marcus/Getty Images

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Сауль "Канело" Альваресті жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Әлімханұлының X желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Менімен күш сынасуға "Канелоның" ғана батылы жететін сияқты. "Канело", ақпанда жұдырықтасайық. Менің дивизионымдағы чемпиондар жекпе-жекке шығуға қорқады. Әлемге жақсы боксты көрсетейікші", - деп жазды Әлімханұлы.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлының британиялық Хамза Ширазбен жекпе-жегі өтпейтін болды. Кейінірек қазақстандық боксшы бүкіләлемдік бокс ұйымынан (WBO) Хамза Шираздың орнына лайықты қарсылас табуды талап етті. Әлімханұлы WBC белбеуінің иегері, доминикандық Карлос Адамеспен (24-1, 18 KO) жекпе-жек өткізуге дайын екенін де мәлімдеген болатын.

Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет 4 қазанда жекпе-жек өткізді. Боксшы Сиднейде (Аустралия) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жұдырықтасып, нокаутпен ұтқан еді. Осылайша кәсіпқой рингте 16-рет жеңіске жетті (11-і нокаутпен).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2190432-zhanibek-alimhanuly-kanelony-zhekpe-zhekke-shaqyryp-kezdesu-kunin-belgiledi/