jitsu gif
Спорт

    Жәнібек Әлімханұлы "Канелоны" жекпе-жекке шақырып, кездесу уақытын белгіледі

    Боксшы Жәнібек Әлімханұлы
    Боксшы Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Steve Marcus/Getty Images

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Сауль "Канело" Альваресті жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Әлімханұлының X желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Менімен күш сынасуға "Канелоның" ғана батылы жететін сияқты. "Канело", ақпанда жұдырықтасайық. Менің дивизионымдағы чемпиондар жекпе-жекке шығуға қорқады. Әлемге жақсы боксты көрсетейікші", - деп жазды Әлімханұлы.

    Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлының британиялық Хамза Ширазбен жекпе-жегі өтпейтін болды. Кейінірек қазақстандық боксшы бүкіләлемдік бокс ұйымынан (WBO) Хамза Шираздың орнына лайықты қарсылас табуды талап етті. Әлімханұлы WBC белбеуінің иегері, доминикандық Карлос Адамеспен (24-1, 18 KO) жекпе-жек өткізуге дайын екенін де мәлімдеген болатын.

    Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет 4 қазанда шаршы алаңға шықты. Боксшы Сиднейде (Аустралия) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жұдырықтасып, нокаутпен ұтқан еді. Осылайша кәсіпқой рингте 16-рет жеңіске жетті (11-і нокаутпен).

    Жәнібек Әлімханұлы "Канелоны" жекпе-жекке шақырып, кездесу уақытын белгіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.