RU
Спорт
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағын Астанада қорғайды: қарсыласы белгілі болды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram/janibek_alimkhanuly

Top Rank промоутерлік компаниясы қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі өтетін күн мен қарсыласы кім болатынын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды компанияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Top Rank-тың Instagram желісіндегі парақшасында хабарланғандай, жекпе-жек 5 сәуірде Астанадағы "Барыс Арена" мұз сарайында өтеді.

"Орта салмақтағы чемпион Жәнібек Әлімханұлы француз боксшысы, жеңіліп көрмеген Анауэль Нгамисенмен жекпе-жек өткізіп, WBO және IBF титулдарын қорғайды", - делінген хабарламада.

Metarating порталының мәліметінше, Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы Анауэль Нгамиссенгге соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың маусым айында өткізген, онда Анауэль Сандро Джажанидзені үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген. Оның қоржынында 14 жеңіс, оның тоғызы – нокаутпен, жеңіліп көрген жоқ.

Ал Qazaq style деген атпен танымал Әлімханұлы соңғы рет 4 қазанда Австралияның Сидней қаласында рингке шыққан болатын. Ол жекпе-жекте жаңазеландиялық Андрей Михайловичті техникалық нокаутпен жеңіп, чемпиондық титулды қорғап қалды.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO және IBF белбеулерінің иегері, оларды 2024 жылы бір рет қорғаған. Бұған дейін жеңіліп көрмеген қазақстандықтың жекпе-жегі жаңа жылда өтетіні хабарланған болатын.

Сол кезде Әлімханұлының өкілі мен Хамза Шираздың промоутері арасындағы болған келіссөздерде түсірілген кадрлар бокс жанкүйерлері арасында резонанс тудырғаны айтылды. Ақпан айында британиялық WBC чемпионы доминикандық Карлос Адамеспен жұдырықтасады, ал жеңімпаз қазақстандықпен үш белбеу үшін таласуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2218359-zhanibek-alimhanuly-chempiondyq-atagyn-astanada-qorgaidy-qarsylasy-belgili-boldy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif