
Қазақстандық боксшы, орта салмақтағы WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлының 5 сәуірде Астанада өтетін жекпе-жегі кезінде тағы кімнің жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.
Агенттік тілшісінің хабарлауынша, аталған бокс кешінде бүгінде ұлттық құрама сапында ел намысын қорғап жүрген ағайынды Махмұд және Төрехан Сабырхандар өнер көрсетеді.
Олар кәсіпқой бокста бақтарын сынап көрмек. Ағайынды боксшылардың қарсыласы әзірге анықталмаған.
Сондай-ақ осы күні Сұлтан Зауырбек пен Батыр Жүкембаев та бокс кешінің көркін қыздырады деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар Астана төрінде Өзбекстанның екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов та кәсіпқой бокстағы шеберлігін көрсетпек.
Айта кетейік, 5 сәуірде елордада өтетін ірі кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегі Жәнібек Әлімханұлы мен француз Анауэль Нгамиссенге арасында өтеді. Қазақстандық боксшы алдағы жекпе-жегінде екі бірдей чемпиондық белдігін қорғайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2224086-agaiyndy-sabyrhandar-bar-zhanibek-alimhanuly-oner-korsetetin-astanadagy-boks-keshinde-tagy-kim-zhudyryqtasady/
Пікірлер жүктелуде