RU
Спорт
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Странджа" кубогы: Төрехан Сабырхан турнирдің ел тарихындағы ең жас чемпионы әрі ең үздік боксшысы атанды

Жарияланған күні:

Төрехан Сабырхан
Төрехан Сабырхан. Фото: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті

Төрехан Сабырхан "Странджа" турнирінің Қазақстан тарихындағы ең жас чемпионы әрі турнирдің үздік боксшысы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Болгария астанасы Софияда өткен турнирде 67 килограмға дейінгі салмақта сынға түскен 19 жастағы Төрехан Сабырхан қарсылас шақ келтірмей, алтын медаль жеңіп алды.

Ол тартысты жекпе-жекте Әзербайжан өкілі Заур Гахрамановтан 3:2 есебімен басым түскен.

Бұған дейін "Странджа" турнирінде 2008 жылы Мерей Ақшалов та 19 жасында топ жарған. Бірақ ай жағынан Төрехан жас саналады.

Сондай-ақ Төрехан Сабырхан – "Странджа" турнирінің ең үздік боксшысы да атанды. Бұған дейін осы турнирде бірде-бір боксшымыз бұл атаққа қол жеткізбеген.

Төрехан Сабырханның турнирдегі жекпе-жектері:

  • 1/8 финал. Асахуджа Муйдунходжаевпен (Париж Олимпиадасының чемпионы) жекпе-жек өтпеді.
  • 1/4 финал. Лаша Гагнидзе - 5:0;
  • 1/2 финал. Наби Исгандиров - 3:2.

Айта кетейік, 67 килограмға дейінгі салмақта 2024 жылы Дулат Бекбауов чемпион атанған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2224974-strandzha-turniri-torehan-sabyrhan-el-tarihyndagy-eng-zhas-chempion-ari-eng-uzdik-boksshy-atandy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif