RU
Спорт
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Странджа" турнирі: Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетіп, жалпы есепте бірінші орын алды

Жарияланған күні:

бокс қолғабы
Бокс қолғабы. Көрнекі фото: Fotokita / Getty Images

Бокстан Болгария астанасы Софияда өткен "Странджа" турнирінде Қазақстан ерлер құрамасы үздік нәтиже көрсетіп, жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бокстан 24 ақпан - 2 наурыз күндері Болгарияда өткен 76-шы "Странджа кубогы" халықаралық турнирі мәресіне жетті.

Қазақстан ерлер құрамасы 5 алтын, 9 күміс, 4 қола медаль еншілеп, жалпы командалық есепте көш бастады. Ал еліміздің әйелдер құрамасы 1 алтын, 6 күміс, 8 қола медаль жеңіп алған.

Биылғы турнирде 20 мемлекеттің боксшысы жүлдеге таласқан. Елімізден 25 ер боксшы (рекорд) өнер көрсеткен. Болгария 19 спортшысын, Өзбекстан 17 өкілін қосқан.

Сондай-ақ биылғы турнирде Қазақстан құрамасы ең үздік көрсеткішін жақсартқан. Бұған дейінгі рекорд 2022 жылы тіркелген – 2 алтын, 2 күміс, 5 қола.

Алтын алған боксшылар:

  • 63,5 келі – Ертуған Зейнуллинов;
  • 67 келі – Төрехан Сабырхан;
  • 71 келі – Аблайхан Жүсіпов;
  • 75 келі – Сабыржан Аққалықов;
  • 86 келі – Бекзад Нұрдәулетов.

Күміс алған боксшылар:

  • 51 келі – Даниал Сәбит;
  • 54 келі – Тимур Қабдешов;
  • 60 келі – Серік Теміржанов;
  • 63,5 келі – Мұхаммедсабыр Базарбайұлы;
  • 71 келі – Фарух Тоқтасынов;
  • 75 келі – Тимур Нұрсейітов;
  • 80 келі – Ерасыл Жақпеков;
  • 86 келі – Нұрбек Оралбай;
  • +92 келі – Айбек Оралбай.

Қола жүлде алған боксшылар:

  • 48 келі – Теміртас Жүсіпов;
  • 57 келі – Оразбек Асылқұлов;
  • 60 келі – Талғат Сырымбетов;
  • 92 келі – Данияр Рахымбердинов.

Жүлде рейтингісі (ерлер):

  • Қазақстан – 5 алтын, 9 күміс, 4 қола;
  • Өзбекстан – 5 алтын, 1 күміс, 2 қола;
  • Болгария – 2 алтын, 3 қола;
  • Түркия – 1 алтын;
  • Ирландия – 4 қола;
  • Әзербайжан – 2 күміс, 2 қола;
  • Грекия – 1 күміс;
  • Франция – 1 қола;
  • Косово – 2 қола;
  • Грузия – 2 қола;
  • Италия – 1 қола;
  • Израиль – 1 қола;
  • Англия – 2 қола;
  • Австрия – 1 қола;
  • Қытай –1 қола.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан ел тарихындағы "Странджа" турнирінің ең жас чемпионы әрі турнирдің үздік боксшысы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2225000-strandzha-turniri-qazaqstan-quramasy-uzdik-natizhe-korsetip-zhalpy-esepte-birinshi-oryn-aldy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif