RU
Спорт
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Үш баланың анасы: 10 жылдан соң спортқа қайта оралған бокстан жеті дүркін ел чемпионы туралы туралы не белгілі (видео)

Жарияланған күні:

Гүлжайна Жиенбайқызы
Гүлжайна Жиенбайқызы. Видеодан кадр: Qazaqstan TV/youtube.com

Бокстан жеті дүркін Қазақстан чемпионы Гүлжайна Жиенбайқызы араға 10 жыл салып боксқа қайта оралды. Бүгінде ол ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп жүр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ұлттық арнаға сілтеме жасап.

Гүлжайна Жиенбайқызы 15 жасынан бастап бокспен айналысқан. Боксты таңдауына ағасы себепкер болған. Спортшылар әулетінен шыққан ару – Әлем кубогының жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы.

Бүгінде үш баланың анасы 10 жылдан кейін боксқа қайта оралған. Айтуынша, боксқа қайта оралу оңайға соқпаған. Десе де өзін жеңіп, алға қойған мақсатына жету үшін спортқа оралған.

"Қайтып келу қиынға соқты. Өйткені біріншіден, балаларымды, отбасымды ойладым. Қалай болар екен, оларға кім қарайды дегендей, екіншіден, қаншама жыл үзілістен кейін қайта оралып тұрған соң ертең барғанда ұтылып қалмаймын ба, деген қорқыныштар болды. Себебі бұрын бірінші орын алып, бірінші орында болып үйреніп қалғанмын.

Бірақ өзімді жеңіп, өзімді сынап көрейін дедім. Балаларыма ата-енем, әке-шешем қарасып, көмектесіп жатыр. Сол үшін ол кісілерге рақмет айтқым келеді. Одан кейін ағамның да қолдауы көп болды. Бұрынғы мақсатым орындалмай қалып қойды. Сол мақсатқа жетейік деп екеуміз бастдық", - дейді ол.

Гүлжайна Жиенбайқызы
Гүлжайна Жиенбайқызы. Фото: Qazaqstan TV/youtube.com

Гүлжайнаның бапкері өзінің туған бауыры – Ерәділ. Ол алғашында қарындасының боксқа ораламын деген сөзіне сенбегенін айтады.

"Жетпеген шыңдар болды. Бұл – Олимпиада ойындары. Соған сағыныш болды. Сол мақсатқа жету үшін қайта оралды. Маған айтқанда басында сенбедім. Кейін қарасам жаттығып бастапты. Арада 1, 1,5 ай өткенде оқу-жаттығу жинына барып қайттық. Осыдан кейін ел біріншілігіне қатысып үшінші орын алды, ұлттық құрамаға енді. Жақында Испания қаласына бірінші жарысына барып келді", - дейді Гүлжайнаның бапкері Ерәділ.

Гүлжайна Жиенбайқызы жаттығумен қатар жеке бапкерлікпен айналысады. Ол елімізде әйелдер боксының даму қарқыны жоғары екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2225355-ush-balanyng-anasy-10-zhyldan-song-sportqa-qaita-oralgan-bokstan-zheti-durkin-el-chempiony-turaly-turaly-ne-belgili-video/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif