RU
Спорт
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Бүгін бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жеребесі тартылады

Жарияланған күні:

Бокс қолғабы
Бокс қолғабы. Көрнекі фото: pexels.com

Бүгін Сербияның Ниш қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жеребесі тартылады, деп хабарлайды Kazinform.

Әлем чемпионатында 9-13 наурыз аралығында іріктеу айналымы өтсе, жартылай финал 14 наурызға белгіленген. Ал финал 16 наурызда болады.

Дүбірлі додада ел құрамасынан Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі), Анита Адишева (52 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Жасмин Қизатова (66 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (81 келі), Елдана Талипова (81 келіден жоғары) сынға түседі.

Еске салсақ, халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 2025 жылғы әлем чемпионатының ақшалай жүлдесін жариялады.

Дүбірлі додада чемпион атанған боксшы 100 мың АҚШ долларына ие болады. Ал күміс жүлдегер атанған боксшылар 50 мың, қола медальға қол жеткізген боксшыларға 25 мың АҚШ доллары беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2226593-bugin-bokstan-aielder-arasyndagy-alem-chempionatynyng-zherebesi-tartylady/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif