
Қазақстандық боксшы, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы UFC басшысы Дана Уайтпен келісімшартқа қол қойды – ол Уайттың жаңа бокс лигасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Тиісті мәлімдемені бірнеше бокс паблигі Instagram желісінде жария етті, ал Елеусінов жазбаларды өз парақшасында бөлісті.
"Данияр Елеусінов — Дана Уайттың жаңа бокс промоушеніндегі алғашқы қазақстандық боксшы" – делінген жазбада.
Бұл жаңалыққа қатысты Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы да жазба жариялады. Ведомствоның Instagram желісіндегі парақшасында басқарма өкілдері спортшыға сәттілік тілеген.
"Данияр Елеусінов Дана Уайттың бокс лигасында бақ сынайды. Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов UFC басшысы Дана Уайт пен Турки Аль Аш-Шейх құрған TKO промоушнымен келісімшартқа қол қойды. “Биыл америкалық аренада жұдырықтасамын. Онда жұлдыз болу оңай, бірақ жарқырап тұру қиын. Өзімді дәлелдеуге дайынмын!” – деді боксшы. Жерлесімізге сәттілік тілейміз", - делінген басқарма жазбасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2227907-olimpiada-chempiony-daniiar-eleusinov-ufc-basshysymen-kelisimshartqa-qol-qoidy/
Пікірлер жүктелуде