jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Бокстан әлем чемпионатында бірден бес қазақстандық спортшы алтынға таласады

    Боксшы Елдана Тәліпова
    Боксшы Елдана Тәліпова. Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Елдана Тәліпова Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатында команда сапынан өткен бесінші финалист атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Жартылай финалда 81 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Тәліпованың қарсыласы молдовалық Дарья Сазонова болды.

    Қазақстандық спортшы бүкіл жекпе-жекте басым нәтиже көрсетіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша 5:0 есебімен жеңіске жетті.

    Елдана Сербияның Ниш қаласында өтетін әлем чемпионатының финалдық жекпе-жегіне жолдама жеңіп алған бесінші қазақстандық спортшы атанды.

    Бұған дейін финалдық кезеңге Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, Виктория Графеева және Аида Әбікеева өткен болатын.

    Наталья Богданова әлем чемпионатындағы өнерін қола медальмен аяқтады.

    2025 жылғы әлем чемпионатының финалдық жекпе-жегі 16 наурызда өтеді.

    Бокстан әлем чемпионатында бірден бес қазақстандық спортшы алтынға таласады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.