
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы титулдық жекпе-жегі алдында қарсыласы Анауэль Нгамиссенгемен салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
5 сәуірде елордадағы "Барыс Аренада" өтетін бокс кешінің алдында бүгін салмақ өлшеу рәсімі өтті.
Әлімханұлы мен Нгамиссеннің салмағы орта салмақтағы белгіленген шектен (72,6 кг дейін) аспады. Боксшылар салмақ өлшеуден кейін көз арбасты.
Сондай-ақ салмақ өлшеу, көз арбасу рәсіміне осы бокс кешінің андеркартында шаршы алаңға шығатын Батыр Жүкембаев, Сұлтан Заурбек, Балауса Мұздиман, ағайынды Махмұд, Төрехан Сабырхандар, өзбекстандық боксшылар Баходир Жалолов және Отабек Холматов қатысты.
Айта кетейік, 5 сәуірде елордада өтетін кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегі Жәнібек Әлімханұлы мен француз Анауэль Нгамиссенге арасында өтеді.
Бұл кездесуде қазақстандық боксшы екі бірдей чемпиондық атағын (IBF және WBO нұсқасы бойынша) қорғайды.
Бокс кешін тікелей эфирде Qazaqstan және Qazsport телеарналары көрсетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2233233-astanadagy-kasipqoi-boksshy-keshi-zhanibek-alimhanuly-salmaq-olsheuden-satti-otti-video/
Пікірлер жүктелуде