jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақ боксшысы "Канелоның" жеке ұшағымен ұшты (фото)

    Бек Нұрмағанбет пен Канело
    Бек Нұрмағанбет пен Канело. Фото: Instagram / nurmaganbet.bek.kazbekuli

    Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет танымал мексикалық спортшы Сауль «Канело» Альвареспен бірге түскен видеосын жариялады, деп хабарлайды 1bol.kz.

    Бейнежазбада қазақстандық спортшы мен Альварестің жеке ұшаққа бара жатқанын көруге болады. Ұшақ мексикалық боксшыға тиесілі. Видеоны спортшы өзінің Instagram-парақшасына жүктеген.

    Канело ұшағы
    Кадр: Instagram / nurmaganbet.bek.kazbekuli

    "Мен көтеріліп кеткенмін… Айтсам сенбейсіңдер... Канело братан қыдыртып жүр" - деп әзілдеп жазба қалдырды Бек Нұрмағанбет.

    Mundodeportivo басылымының мәліметінше, видеодағы Embraer Legacy 500 үлгісіндегі ұшақтың иесі — Канело. Аталған әуе кемесінің нарықтағы бағасы - шамамен 18,4 миллион доллар.

    Канело ұшағы
    Кадр: Instagram / nurmaganbet.bek.kazbekuli

    Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет қазіргі уақытта "Канелоның" залында жаттығады әрі мексикалықтың спарринг-серіктесі. Қазақ боксшысының даярлығы мексикалық супержұлдыздың жеке бапкерінің қадағалауында.

    Бек Нұрмағанбет
    Кадр: Instagram / nurmaganbet.bek.kazbekuli

    Қазақ боксшысы "Канелоның" жеке ұшағымен ұшты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.