Назым Қызайбай бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Опубликовано:
Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Отандық спортшы 48 келіге дейінгі салмақтың ақтық жекпе-жегінде үндістандық Минакшимен жұдырықтасты.
Алғашқы раундта Минакши 4:1 есебімен басым түсті. Алайда екінші кезең 3:2 есебімен Назым Қызайбайдың пайдасына аяқталды. Дегенмен жекпе-жек соңында үндістандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңімпаз атанды.
Осылайша, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы күміс жүлдені салды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2286045-nazym-qyzaibai-bokstan-alem-chempionatynyng-kumis-zhuldegeri-atandy/