jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Әлем чемпионаты: Санжар Тәшкенбай ел қоржынына алғашқы алтын медальді салды

    Санжар Тәшкенбай
    Санжар Тәшкенбай. Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

    Отандық боксшы Санжар Тәшкенбай Ливерпульде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Финалдық жекпе-жекте отандасымыз қарсыласына ешқандай мүмкіндік қалдырмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Санжар Тәшкенбай 50 келіге дейінгі салмақтың финалында Алдарқхишиг Баттулгамен (Моңғолия) қолғап түйістірді.

    Отандасымыз жекпе-жектің бірінші кезеңінен бастап тізгінді қолына алды. Толық үш раунд бойы басымдық көрсеткен отандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

    Осылайша, Санжар Тәшкенбай ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсіріп, екі дүркін әлем чемпионы атанды.

    Бұған дейін Назым Қызайбай финалдық жекпе-жекте үндістандық қарсыласына есе жіберіп, әлем біріншілігінің күміс жүлдесін иеленген болатын.

    Әлем чемпионаты: Санжар Тәшкенбай ел қоржынына алғашқы алтын медальді салды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.