Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының алтын жүлдесіне ие болды
Опубликовано:
Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын жүлдегері болды. Отандасымыз финалда түркиялық қарсыласын тізе бүктірген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алуа Балқыбекова бокстан әлем біріншілігінің финалында Түркия спортшысы Бусеназ Чакыроглумен жұдырықтасты. Жекпе-жек нәтижесінде төрешілер шешімімен отандасымыз жеңмпаз болып танылды.
51 келіге дейін сынға түскен отандасымыз осымен Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды.
Айта кетейік, Балқыбекова әлемнің екі дүркін чемпионы болды.
Бұған дейін Назым Қызайбай күміс жүлдеге ие болса, Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан алтын медальді жеңіп алды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2286120-alua-balqybekova-alem-chempionatynyng-altyn-zhuldesine-ie-boldy/