jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    7 алтын: бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды

    Төрехан Сабырхан
    Төрехан Сабырхан. Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

    Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. World Boxing ұйымы ұйымдастырған әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстан құрамасы бұл әлемдік турнирде 10 медаль жеңіп алды, оның жетеуі – алтын, біреуі – күміс және екеуі – қола медаль.

    Екінші орынға 11 медальмен Өзбекстан құрамасы жайғасты. Көрші елдің қоржынында алты алтын, екі күміс, үш қола медаль бар.

    Үздік үштікті екі алтын, бір күміс және бір қола медальмен Үндістан құрамасы түйіндеді.

    Қазақстанға алтын медаль сыйлаған боксшылар:

    • Алуа Балқыбекова (51 келі);
    • Санжар Тәшкенбай (50 келі);
    • Махмұд Сабырхан (55 келі);
    • Аида Әбікеева (65 келі);
    • Наталья Богданова (70 келі);
    • Төрехан Сабырхан (70 келі);
    • Айбек Оралбай (90 келі).

    Ал 48 келіде ел намысын қорғаған Назым Қызайбай күміс жүлдегер атанса, 60 келіде сынға түскен Виктория Графеева мен 80 келіден жоғары салмақта бақ сынаған Елдана Тәліпова әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.

    Айта кетелік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ боксшылары әлем біріншілігінде керемет нәтиже көрсеткенін айтып, оларды жарқын жеңісімен құттықтаған еді.

    7 алтын: бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.