jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    IBA ұйымдастырған әлем чемпионаты: үш отандық боксшы жартылай финалға шықты

    Сәкен Бибосынов
    Сәкен Бибосынов. Фото: Ben McShane/Sportsfile via Getty Images

    Дубайда халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында ел намысын қорғап жатқан үш боксшы қарсыластарын жеңіп, жартылай финалға шықты. Қазақстандық спортшылар кемінде бір жүлдеге ие болу мүмкіндігіне қол жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әлем чемпионатының жартылай финалына Сәкен Бибосынов (54 келі), Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Сабыржан Аққалықов (75 келі) жолдама алды.

    Сәкен Бибосынов бұл жолы замбиялық Муенго Муалемен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

    Теміртас Жүсіпов ширек финалда непалдық Лал Прасад Упретиді 0:5 есебімен жеңіп, жартылай финалға өтті.

    Сабыржан Аққалықов шаршы алаңға израильдік Мирослав Капулер-Ищченкомен шықты. Отандасымыз оны нокдаун мен нокаутқа жіберіп, сенімді түрде жеңіске жетті.

    IBA ұйымдастырған әлем чемпионаты: үш отандық боксшы жартылай финалға шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.