jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Боксшы Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

    Теміртас Жүсіпов
    Теміртас Жүсіпов. Фото: olympic.kz

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Теміртас Жүсіпов Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Тағы екі қазақстандық боксшы финалға жолдама алып, алтын үшін таласатын болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    IBA ұйымдастырған бокстан әлем чемпионатында Теміртас Жүсіпов 48 келіге дейінгі салмақта бақ сынады. Отандасымыз жартылай финалда ресейлік Эдмон Худоянға қарсы шығып, төрешілер шешемімен 0:5 есебімен жеңіліс тапты.

    Қазақстандық боксшы жеңілісіне қарамастан әлем біріншілігінің қола жүлдесіне ие болды. Бұл - Жүсіповтың әлем чемпионатындағы екінші жүлдесі. Бұған дейін 2021 жылы ол Белградта өткен жарыста әлем чемпионы атанған еді.

    Оған қоса Қазақстан құрамасының екі спортшысы Сәкен Бибосынов пен Сабыржан Аққалықов финалға шығып, алтын медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

    Боксшы Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.